Ел жаңалықтары

Алматыдағы ауып кеткен үйдің тұрғындары көшірілетін болды

  • Алматыдағы ауып кеткен үйдің тұрғындары көшірілетін болды

    Алматыдағы ауып кеткен үйдің тұрғындары көшірілетін болды

Алматы қаласындағы ауып кеткен көп қабатты үйдің тұрғындарын басқа үйге көшіретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол туралы Бақытжан Сағынтаев "Зерделі-6" ықшам ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

"Сараптама біткенше сіздерді көшіруге әзірміз. Тапсырма дайын, ақша бөлініп жатыр. Қаржы мерекелік демалыстардан соң аудандық әкімдіктің есебіне түседі. Қаласыңыздар уақытша пәтерді өзіміз тауып береміз. Өздеріңіз тауып қойсаңыздар пәтер ақысын төлеп береміз. Мерекелік төрт күн демалыста әкімдікке ақша аударуға болатын карта нөмірлеріңізді өткізіңіздер", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері пәтерлерді күзететінін айтып ескертті.

Әкімнің сөзінше, тұрғындарға қатысты шешім сараптама нәтижесінен кейін нақты белгілі болмақ.

""Егер мамандар үйді қалпына келтіруге болады десе, барлығын жасаймыз. Ал тұруға мүмкін болмаса, ғимаратты бұзамыз. Пәтер иелері әкімдіктің атынан жаңа үйге ие болады", - деп уәде берді қала басшысы.

Бақытжан Сағынтаевқа ауып кеткен үйдің жайын тұрғындар өздері ашық хат жолдаған болатын. 2013 жылы салынған ғимартта жарық пайда бола бастаған. Шенеуніктер ол жарықтың аса маңызды емес екенін айтып, тұрғындарды эвакуациялау болмайтынын мәлімдеген.

Алатау ауданы "Зерделі-6" ықшам ауданындағы #179 үй құрылысына қатысты сараптамалық қорытынды жүргізген мердігерлерге қарсы Алматы прокуратурасында сотқа дейінгі іс жүргізіледі. Аталған оқиғаға жауаптылар анықталады.  




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2019, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31