Ел жаңалықтары

Алматыдағы жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылады

  • Алматыдағы жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылады

    Алматыдағы жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылады

Алматы қаласы М. Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов брифинг барысында жаңа "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станциялары қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда аудан аумағында жолаушылар арасында үлкен сұранысқа ие бір ғана "Мәскеу" стансасы бар. Бүгінгі күні тағы екеуі салынып жатыр. Олар "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" стансалары. Екі бекетте де әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Содан кейін жылжымалы құрамды сынау жүргізіледі. Шамамен метрополитен әкімшілігінің болжамы бойынша, келесі жылдың бірінші және екінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр", - деді аудан әкімі Сайран Сайфеденов.

 
Сонымен қатар, ол вагон мен пойызды сынақтан өткізу белгілі бір уақытты қажет ететінін жеткізді.

"Сынақтан кейін жолаушылар желілері іске қосылып, метро ашылады", - деді спикер.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов Алматы метросы енді  "Алтын Орда" базарына дейін созылатынын мәлімдеген болатын. 




Көрілген: 1833    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31