Ел жаңалықтары

Алматыдағы крематорийдің құрылысы қашан аяқталады

Алматыдағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы жайлы қалалық орта және мобильділік басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сапар Нұрашевтың сөзінше, салынып жатқан крематорийде мәйіт қана емес, сонымен қатар аса қауіпті биологиялық қалдықтарды да өртейді. Пандемия кезінде қолданылған медициналық заттар көбейген. Атап айтар болсақ, медициналық маскалар, костюмдер, таңғыштар, шприцтер, ПТР анализін алуға арналған құралдар және тағы басқалары.

"Қолданылған медициналық қалдықтарды арнайы пештерге жағу арқылы жоюға болады. Осыған байланысты патоанатомиялық бюрода крематорий салу туралы шешім қабылданды",- деді ол.

 
Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынады.

Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдың қыркүйек айы. Құрылыс құны - 1,3 млрд теңге.




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 15:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31