Алматыдағы тәртіпсіздік: зардап шеккендерге 2 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді

20 қаңтар 2022, 11:59

Алматы әкімі төтенше жағдай кезінде зардап шеккен дәрігерлер, полицейлер мен өрт сөндірушілер қанша көлемде өтемақы алатынын хабарлады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен мемлекеттік орган қызметкерлері алатын төлемнің көлемі туралы айтты.

Төлемді зардап шеккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер алады. Өтемақы мынадай көлемде төленеді:  

  • ауыр жарақат алғандарға – 2 миллион теңге,
  • орташа жарақат алғандарға – 1 миллион теңге,
  • жеңіл жарақат алғандарға – 500 мың теңге.

Сонымен қатар әкім төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетуге уәде берді.

sputnik.kz