Алматыдағы ұшақ апаты: Бортта "Қайрат " футболшылары болған

22 қазан 2021, 13:01

Алматы халықаралық әуежайында көлікпен соқтығысқан ұшақта алматылық "Қайраттың" футболшылары мен жаттықтырушылар штабы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.ru порталына сілтеме жасап.

FlyJet әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында Renault автокөлігімен соқтығысқан.

 
“Қайрат” командасы рейспен Бакуден оралған. Онда Қарабахқа қарсы конференция Лигасының топтық кезеңінің кездесуі өткен. 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ұшақ көлікке соғылғаннан кейін жолаушылар апаттық эвакуацияны күтіп, ұшақта бір сағаттан астам уақыт отырған. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі (әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін Алматы әуежайында ұшақтың жеңіл көлікпен соқтығысқаны туралы жазған болатынбыз.