Алматыдағы ұшақ апаты: жедел желі іске қосылды

13 наурыз 2021, 23:59

Алматыда орын алған ұшақ апатынан соң әуе жолаушылары үшін шұғыл жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Алматы әуежайындағы кешіктірілген рейстердің жолаушыларына кеңес беру үшін «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ ахуалдық орталығы 87172798229 нөмірі бойынша жедел желі телефонын іске қосты. Жолаушылар рейстердің мәртебесі, олардың кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады. Байланыс орталығы сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді", - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті. 

Сондай-ақ, Алматы қалалық әуежайының хабарлауынша, әуе рейстері қайта жанданды. 

"Әуежайда төтенше жағдай орын алуына байланысты рейстерде сәл кешігу болды. Қазір ұшу мен борттарға қабылдау жанданды. Қабылдау және борттардың ұшуы бір сағаттан астам уақытқа тоқтатылды", - дейді әуежайдың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы қаласы маңында АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен аурхунаға жеткізілді. 

Бұған дейін Алматы қалалық әкімдігі жарақат алып ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы туралы мәлімет таратқан болатын.