Алматыдан 17 км қашықтықта жер сілкінді

07 тамыз 2023, 08:01

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:29-да Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі Алма-Арасан шатқалында да сезілді. Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр.

 

Энергетикалық класы 8.8.

 

Магнитудасы 4.2. MPV

 

Ошағының бағыты 43.06° с.е. 76.89° ш.б.

 

Тереңдігі 10 км

 

Сезілуі Алматы, Алма-Арасан шатқалында 2 балл

 

Бұдан 1 сағат бұрын ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі сағат 19:23-те Алматыдан 903 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

 

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 903 км қашықтықта Ауғанстан аумағында жатыр.

 

Энергетикалық класы 11.6.

 

Магнитудасы 5.2. MPV

 

Эпицентрінің ошағы 36.81° с.е. 70.39° ш.б.

 

Тереңдігі 180 км.

 

Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

 

Оған дейін жерасты дүмпулері Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 854 км қашықтықта Ауғанстан аумағына сезілген еді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz