Ел жаңалықтары

Алматыға 8 көлден сел жүру қаупі төніп тұр

  • Алматыға 8 көлден сел жүру қаупі төніп тұр

    Алматыға 8 көлден сел жүру қаупі төніп тұр

Алматыға 8 көлден сел жүру қаупі төніп тұр. Мамандар табиғи апаттың алдын алу шарасын бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазселденқорғау" мекемесі мен құтқарушылар тасқынға тосқауыл болу үшін тау шатқалындағы көлдерді бақылауға алып, арнайы аппараттардың көмегімен су деңгейін азайтуға кірісті.

 Ерте қамдануына синоптиктердің "алдағы аптадан бастап күн қатты ысиды" деген болжамы түрткі болды.

Алатаудың басында 45 көл бар. "Қазселденқорғау" мекемесі мен ьтөтенше жағдай департаменті бірлесіп осы тау басындағы айдындарды қысы-жазы бақылайды. Күн райы күрт жылынғанда құтқарушылардың жұмысы да күшейеді. Бірақ биыл мамандар тасқынға тосқауыл болатын шараларады жылдағыдан ерте бастап кетті.

“Алматыдағы тау шыңдарында қауіпті деген 12 көл бар. Оның 8-і аса қауіпті көлдердің санатына жатады. Біз осы көлдердегі су деңгейі көтеріліп кетпес үшін алдын алу шараларын бастадық. Қазір сегіз көлдегі жұмысқа 90 адам жұмылдырылды. Эвакуациялық арналарды тазарту және тереңдету жұмысын жүргізу жоспарлануда”, – дейді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Әлібеков. 

Қалың қардың етегінде жатқан көлдің нөмірі 13. Алматыны алапат судың астында қалдыруы мүмкін делінген көлге сифон орнатыла бастады. Аталған құбыр көлдегі су деңгейін қалыпты жағдайда ұстап тұруға пайдаланылады. Мәселен, былтыр сифонның көмегімен 5 млн-нан астам текше метр су ағызылыпты. Тау шатқалындағы қауіпті көлдерді күнделікті бақылауға қосымша 12 бекет қойылды.

“Бүгінде көлдерге тоғыз су сорғыш сағатына 400 текше метр соратын және ұзындығы 2 мың метр сифон құбырын орнатып жатырмыз. Алматының таулы аймағында барлығы 21 гидробекет орнатылды. Бекеттер көлдің деңгейін, ауаның темпаратурасын және су шығынын төменге айтып отырады”, – дейді "Қазселденқорғау" ММ Алматы қаласы пайдалану басқармасының бастығы Самат Дәулетханова. 

Көлдердегі суды ағызу мұздықтардың еруі толық аяқталғанға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мамандар дәл қазір айтарлықтай қауіп жоқ болғанымен, күн күрт ысыса, таудағы су төменге сел болып келуі мүмкін екенін айтады.

Stan.kz




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 11:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31