Ел жаңалықтары

Алматыға шеруге кеттік: Ту алып, атқа қонған бір топ азаматтың әрекетін облыс әкімдігі түсіндірді

  • Алматыға шеруге кеттік: Ту алып, атқа қонған бір топ азаматтың әрекетін облыс әкімдігі түсіндірді

    Алматыға шеруге кеттік: Ту алып, атқа қонған бір топ азаматтың әрекетін облыс әкімдігі түсіндірді

  • Алматыға шеруге кеттік: Ту алып, атқа қонған бір топ азаматтың әрекетін облыс әкімдігі түсіндірді

    Алматыға шеруге кеттік: Ту алып, атқа қонған бір топ азаматтың әрекетін облыс әкімдігі түсіндірді

Бейнежазба әлеуметтік желілерде кең таралды. Алматы облысының әкімдігі шара туралы ресми ақпарат берді.

 Ауыл тұрғындары туды ауылдан ауылға таратып, Алматыға қарай бет алады деген хабар бар. Белгісіз адамдардан жиналған атты әскер Нарынқол мен Кегеннен шығып, Алматыға кеткені айтылады. Ақпарат бойынша, жиналғандар шерушілердің қатарына қосылмақ. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли бұл әкімдікпен келісілген шара екенін атап өтті. Бұл "Менің туым, менің Отаным" республикалық челленджі болған. 

Бұған дейін осындай шара Солтүстік Қазақстан облысында өткізіліп, Алматы облысының ауыл тұрғындары оны қолдауға бел буған. Құқық қорғау органдары оқыс оқиғаны болдырмау үшін атты әскерді бақылаған.

"Бірақ арандатушылар чатта және әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратты. Олардың сөзінше, бұл Нарынқолдан, Кегеннен Алматыға қарай бара жатқан жастар. Мұның бәрі бос әңгімелер, оқиғаның саясатқа қатысы жоқ.  Мұның бәрін Еңбекшіқазақ өңірінің жастары бастады, енді қатысушылар Талғарға қарай бет алды. Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқандардың сөзін ескеріп, патриоттық акцияны басқа арнаға бұрды", - деп қосты Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Али.




Көрілген: 961    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31