Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматылық дәрігерлер тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан 9 балаға күрделі микрохирургиялық операция жасады

22 желтоқсан 2022, 16:29

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасында ресейлік микрохирург Андрей Вайтингердің қатысуымен екі күндік шеберлік класы өтті. Шара барысында пациенттер білікті дәрігерлерлерден консультация алды, мукополисахаридоз ауруымен ауыратын 9 балаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен операция жасалды. Бірегей күрделі оталарды ресейлік маманмен бірге аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалин мен балалар хирургі Ұлжан Солтанбекова жасады.
«Операциялардың бәрі шағын инвазивті әдіспен жасалды. Арнайы құралдардың көмегімен жасалған хирургиялық манипуляция саусақтардың қозғалысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірегей операцияларды жасау арқылы біз де алдағы уақытта кәдеге жарайтын үлкен тәжірибе жинақтадық», - деді Ерлан Садырбалин.
Мукополисахаридоз (МПС) – ағзада гликозаминогликандардың жинақталуы салдарынан болатын тұқым қуалайтын ауру. Дәнекер тіндерді зақымдайтын дерт салдарынан жүйке жүйесі, көзі, ішкі органдары мен қимыл-қозғалыс аппаратының жұмысы бұзылады. МПС әлемде 100 мың адамның 50-інде кездесетін сирек (орфандық) ауру.
Қолдың басы мен жүйке жүйесінде туабітті және жүре пайда болатын сырқаттарды емдеуге бағытталған шеберлік класы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы және «Милосердие» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Естеріңізге сала кетсек, операциялар МӘМС пакеті арқылы қаржыландырылды. Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады.