Ел жаңалықтары

Алматылық "жасотандықтар" мұқтаж жандарға арнап 100 масканы қолдан тікті

  • Алматылық

    Алматылық "жасотандықтар" мұқтаж жандарға арнап 100 масканы қолдан тікті

Алматылық "жасотандықтар" коммуналдық қызметкерлер мен аса мұқтаж жандарға арнап бірнеше рет пайдалануға жарайтын 100 медициналық масканы қолдан тікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық

Фото: Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанаты

Президентіміз жариялаған еріктілер жылында жасалған игі іс ерікті Бибінұр Байжігітқызының бастамасымен жүзеге асырылған көрінеді. Бұл жайында Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанаты төрағасы Мади Ахмет өз Instagram парақшасында мәлімдеді.

Сапалы маскалардың әрқайсысы жоғары температурадағы сынақтан өткен және әр азаматқа үндеу жазылған арнайы хатқалтаға салып қапталған.

Фото: Алматы қалалық

Фото: Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанаты

Белсенді жастар бұл әрекеттерін миллиондаған халқы бар қаланың коронавирусқа қарсы күресіне тамшыдай ғана тигізген үлесі деп біледі.

Олар осы бастама негізінде медициналық маска өндірушілерді әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырып отыр.

"Әрбір тігін цехы 50 маска тегін таратса, қоғамдағы дүрбелеңнің азаюына зор үлес қосар еді",- деп жазды Мади Ахмет.

Айта кетейік, әлеуметтік желі арқылы маска сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтар арбауына түсіп қалды.

Ал елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 36-ға жетті. Олардың 18-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

 

 

 

 




Көрілген: 194    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 01:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31