Ел жаңалықтары

Алматылық кәсіпкерлер нан қалдығынан үй жануарларына жем жасау тәсілін ойлап тапты

  • Алматылық кәсіпкерлер нан қалдығынан үй жануарларына жем жасау тәсілін ойлап тапты

    Алматылық кәсіпкерлер нан қалдығынан үй жануарларына жем жасау тәсілін ойлап тапты

Алматылық кәсіпкерлер қалдық наннан үй жануарларына жем жасау тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Қоқысқа тасталған нанды жинап, оны қайта өңдеуді қолға алған екі ағайынды екі аамат үш күнде 600 келі жем шығарған. Әлеуметтік жоба тұрғындар арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отыр.

 
Олардың цехында қоқыш жәшігінде көгеріп жатқан нандар өңдеуден өтеді. 

Ағайынды Сәрсеевтер жемді дайындау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен кепкен нан мынадай аппаратқа түсіп, осында үгітіледі. Әрі қарай үлкен ыдыста араластырылып, арнайы түйіршіктейтін құрылғының көмегімен жануарларға қажетті жем алынады.

Карантин кезінде жұмыстары тоқтаған кәсіпкерлер халыққа пайдасы тиер іспен осылай айналысуды ұйғарыпты. Жобаны Тұрғын үй саясаты басқармасы да қолдап, нан жинайтын жәшіктерді қоятын орындарды бекітіп берген.

" Қазір арнайы бөшкелер Әуезов ауданында 248 жерге қойылған. Алдағы уақытта қаланың барлық жері қамтылмақ. Бір жинап келгенде 100 нүктеден әзірге 600 кг шығып жатыр. Бірақ ақырындап өсіп жатыр. Жұрт та түсініп, өздері бөлек жинап беріп жүр. Үй жануарларына да, сиыр, жылқы, қой, тауыққа да беруге болады. Балыққа да беруге болады", – деді кәсіпкер Бағдат Сәрсеев.

Құнарлылығы бидайдан кем емес өнімнің сапасы мен құрамы да арнайы зертханада зерттеліп, мақұлданған дейді Бағдат Сәрсеев. Ал сары бөшкелер қалалықтар үшін өте ыңғайлы болып тұр.

“Халық нанды жерге таптағанша, осылай бөлек жинаған дұрыс деген пікірдеміз. Кейде шашылып жатқан кезде жүрегіміз ауырады. Бір көтересің, екі көтересің. Бүкіл шашылған нанды көтеру мүмкін емес қой. Ал мына бөшкелер ыңғайлы болды. Бұрынғыдай шашылып жатпайды. Нанның қадірін қазірден үйретпесек, бала кейін оны түсініп, біле қоймас", – дедйі Әуезов ауданының тұрғыны Бота Әлімғазина.

Нан қалдықтарын қоқысқа тастау обал екенін алға тартады.

"Бұл – тамаша идея. Маған қатты ұнады. Өйткені көпқабатты үйде нан қалдығын қайда тастауды білмей қаласың. Амал жоқ, қоқыс жәшігіне тастауға мәжбүр боламыз. Нан қалдығының бәрін көгертіп жинап қоя алмаймыз ғой. Негізі, жақсы ойлап шығарған", – дейді тағы бір тұрғын Гүлімай Серікбай.

Кәсіпкерлердің әзірге клиенттері көп емес. Әйткенмен халыққа берер игілігі мол. Алдағы уақытта өнімді кеңейтіп, өндірістің 20 пайызын нанды қайта өңдеуге, қалған 80 пайызын тыңайтқыштар шығаруға бейімдемек. Тіпті, жиналып қалған полиэтиленді де қайта өңдеуді жоспарлап қойған.




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 08:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31