Ел жаңалықтары

Алматылық медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңге төленді

  • Алматылық медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңге төленді

    Алматылық медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңге төленді

2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 116,8 млрд теңгеден асып жығылады.


Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 80,2 млрд теңгеге жуық қаржы төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.


«Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады», – деді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.


Жалпы, Алматы қаласында 178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 116,8 млрд теңгеден асады.


Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.


МСҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.09.2019, 11:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31