Ел жаңалықтары

Алматылық тұрғын өртеніп жатқан үйдің 4-қабатынан секіріп кетті

  • Алматылық тұрғын өртеніп жатқан үйдің 4-қабатынан секіріп кетті

    Алматылық тұрғын өртеніп жатқан үйдің 4-қабатынан секіріп кетті

Алматы тұрғыны төртінші қабаттағы өртеніп жатқан пәтер терезесінен секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 29 шілде күні кешке Шәкәрім мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған. Сағат 20.00 шамасында № 25 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Жергілікті тұрғындар оқиға орнынан түрлі видеолар түсіріп Желіде жариялады. Кадрлардан төртінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқанын көруге болады, ал терезе түбінде адам қимылсыз жатқаны көрінеді. Бірақ видео сыртынан оның тірі екенін, демалып жатқанын айтқан дауыстар шығады.

 
Келесі видеода өрт шыққан жерге құтқарушылар мен полицейлер келгені байқалады.

Қалалық ТЖД мәліметінше, мекенжайдан қоңырау кешкі сағат 20.20-да түскен. Оқиға орнынан төрт шақырым жерде орналасқан алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі, белгіленген жерге уақытында келген.

"Сағат 20.29-да өрт сөндіру бөлімшелері келді. Оғанға дейін терезеден 56 жастағы ер адам секіргені анықталды. Зардап шегуші жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды.

"Сонымен қатар, өрттің үйдің төбесіне өтуіне жол бермеу үшін шатырды қорғауға өрт оқпандары енгізілді. Өрт сөндіру автоцистерналары жақын маңдағы өрт гидранттарына орнатылды, осылайша судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - деді ведомство өкілі.
Жедел шаралармен 13 минуттан кейін өрт оқшауланды. Ол 20.46-да толығымен жойылды. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді шарпыған.




Көрілген: 782    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 16:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30