Ел жаңалықтары

"Алматылықтар бетпердені шешіп, антисептикті ұмытты": Полиция рейдке шыға бастады

  • "Алматылықтар бетпердені шешіп, антисептикті ұмытты": Полиция рейдке шыға бастады

Алматыда мегаполис тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полицияPolisia.kz агеттігінің жазуынша, Алматы полицейлері әкімдік өкілдерімен бірлесе отырып, карантиндік нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды бастады.

Ең алдымен, мегаполис тұрғындарына басты қорғаныс құралдарының бірі болып саналатын бетпердені кию керектігі ескертілді.

 

"Кейбіреулер карантинді сақтауды мүлде тоқтатты: медициналық маскаларды алып тастады, қонаққа барады, қолдары мен өз баспаналарын антисептикалық өңдеу туралы ұмытып кетті. Қалай болғанда да, бұл короновирустың таралуына әсер ететін тікелей факторлар, бұл жұқпалы ауруларға қолайлы орта", – деп атап өтті Алматы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Жексенбі күні таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері мен аудандық әкімдіктер қатарынан ондаған мобильді топ құрылды.

Еске сала кетейік, 24 мамырдағы мәліметтер бойынша, Алматыда  2 164 адамнан коронавирус анықталды.

Қазақстанда жалпы 8 322 адам COVID-19 коронавирусын жұқтырды, 4 320 адам сауығып, 35 адам көз жұмды.

 

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 23:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30