Ел жаңалықтары

Алматылықтар дәріханаларға лап берді: Шаһардың бас дәріханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

  • Алматылықтар дәріханаларға лап берді: Шаһардың бас дәріханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

    Алматылықтар дәріханаларға лап берді: Шаһардың бас дәріханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

Алматының бас дәріханасы болып саналатын Орталық дәріхананың алдында ондаған алматылық жиналып, ұзын-сонар кезекте тұр. Айтуларынша, олар дәріханаға жаңадан түскен вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін дәрілерді сатып алмақшы. Stan.kz оқиға орнына барып, жағдайды бақылап қайтты. 

Алматының ең ірі дәріханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Сенбі күні Алматыны дәрілік препараттармен қамтамасыз ету бойынша үйлестіруші Заңғар Сәлімбаев екі-үш күн ішінде қалаға парацетамолдың 250 мың қорабы мен ибупрофеннің 385 мың қорабы әкелінетінін хабарлаған болатын. 

 

Сондай-ақ бүгін қала дәріханаларына 30 мың дана термометр, ал 6-7 шілдеде құрамында парацетамолы бар 90 мың дана дәрі-дәрмек түсуі тиіс болатын. 

Қала әкімдігінде аталған дәрілердің біраз бөлігі дәріханаларға түскенін мәлімдеді. Термометрлер дәріхана қоймаларына түсіп, қазір сертификаттау процедурасын өтіп жатыр. Бүгін кешке немесе ертең таңертең дәріхана сөрелеріне сатылымға шығады деп күтілуде. 

Сонымен қатар шаһар билігі қазіргі таңда сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді бір қолға беруге қатысты шектеу енгізбек. Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, бұл шара қала тұрғындарын аталған препараттармен үздіксіз қамтамасыз етуге көмектеспек.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада қалада вирусқа қарсы және қызуды түсіретін препараттарға деген сұраныс артқан еді. Қала тұрғындары дәріханаларда парацетамол, аспирин және арбидолдың жоқтығын айтып шағымданған-ды. Бұған дейін денсаулық сақтау саласына жауапты шенділердің коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққандар үй жағдайында парацетамол мен аспиринмен емделе алады деген ақпараты дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін тудырды. 

Stan.kz


 




Көрілген: 204    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 18:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31