Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

29 желтоқсан 2022, 00:25

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«28 қаңтар күні сағат 23:17-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мәліметінде.
«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 261 шақырым жерде, оңтүстік шығысқа қарай Алматы Қырғыз Республикасы аумағында және Қытай шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 13.4 MPV, магнитудасы – 6.2. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 -3 балл қуатымен сезілген.