Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматының Бас санитары Бекшин «Парасат» орденімен марапатталды

10 желтоқсан 2021, 17:58

Алматыда республика сарайында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградалар тапсырылды.  Награда алғандардың қатарында былтырдан бері «наконец-то» сөзімен барша қазақстандықтарға танымал болып үлгерген Бас санитар Жандарбек Бекшин де бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласы бойынша СЭБД басшысы Ж.Бекшинге «Парасат» ордені табысталса, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, І дәрежелі «Достық» ордені «КИМЭП» университетінің ректоры Ч.Й.Бэнгке тапсырылды. Мемлекеттік наградалармен ғылым мен білім, мәдениет және денсаулық сақтау қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін құрылыс компаниялары мен ұйымдарының қызметкерлері марапатталды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы – біздің әрқайсымыз үшін маңызды оқиға. Осы жылдар ішінде ұлттық рух нығайды, ұрпақтар сабақтастығы дамыды, қазіргі тарих пайда болды. Бүгін біз «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім идеясын ұстана отырып, мемлекет құрып жатырмыз. Біз Тәуелсіздікті армандаған ата-бабаларымыз салған жолмен келеміз», - деді Бақытжан Сағынтаев әрі еліміздің Тәуелсіздігін қалыптастыруға қатысқан қала тұрғындарының ерен еңбектеріне алғысын білдірді.
Бұл күні мемлекеттік наградалар қоғам қайраткерлеріне, желтоқсан ұйымдарының басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге, ғылым мен өнер қайраткерлеріне тапсырылды. Қала әкімі алматылықтардың, әсіресе аға буынның мегаполисті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.