Алматының Бостандық ауданындағы бірнеше ғимаратта ыстық су мен жылу өшіріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
6 сәуірде 09:00-17:00 аралығында Бостандық ауданында орналасқан Алмагүл және Қазақфильм ықшам аудандарында ыстық су мен жылу уақытша өшіріледі.
"Уақытша шектеулер "АТКЭ" ЖШС-нің "Оңтүстік аудандық қазандығында" жүргізетін жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіледі", - деп түсіндірді "АТКЭ" ЖШС.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң ықстық су мен жылу қайта беріледі.