Ел жаңалықтары

Алматының шеткі аудандарына да "Сергек" камерасы қойылмақ

  • Алматының шеткі аудандарына да

    Алматының шеткі аудандарына да "Сергек" камерасы қойылмақ

 Оңтүстік астананың орталық көшелерін түгел қамтыған "Сергек" бақылау жүйесі енді шеткі аудандарды да толық қамтымақ деп хабарлайды КТК арнасы.

1-ші қаңтардан бастап шаһарда "Сергектің" 400 камерасы іске қосылғаны белгілі. Оған бюджеттің 50 млн теңгесі жұмсалған. Яғни әр камераның құны 125 мың теңге.

"Сергек" оны небәрі 10 күнде қайтарып отыр. Полицияның мәліметінше, камералар екі жарым мың жол ережесін бұзу дерегін тіркеп, 42 млн теңгенің айыппұлы салынған.

Тәртіп сақшылары"Сергектің" арқасында қаладағы жол апаты жиі болатын қиылыстарда бұл көрсеткіш 7 пайызға төмендеді деді деп отыр. Енді әкімшілік полиция Алматының шеткі аудандарын да жіті бақылауға алмақ.

Соған сәйкес "Сергек" камералары шет жақтағы көшелерге де түгел орнатылады.

"Бағдарламаны бұрын қабылдаған кезде бізде Наурызбай ауданы деген секілді басқа аудандар болған жоқ. Бірақ осы 400 "Сергектің" ішінде біз Наурызбай ауданына да қойдық. Алатау ауданында, Момышұлы көшесінің бойында бір камера болмаған. Бірақ қанша жол апаты болды", - дейді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қосымша 400 "Сергек" бейнебақылау камерасы орнатылатынын, олардың нақты мекен-жайы мен тізімін хабарлаған болатынбыз.

300 камера мектептердің, балабақшалардың жанында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде, ал 100 видеотіркеуіш жол айрықтарында орнытылады деп жоспарланған.

КТК арнасы.




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

сенбі, 11.01.2020, 11:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29