Ел жаңалықтары

Алтай Көлгінов елордадағы құрылыс алаңдарын тексерді

  • Алтай Көлгінов елордадағы құрылыс алаңдарын тексерді

    Алтай Көлгінов елордадағы құрылыс алаңдарын тексерді

Елорда әкімі кезекті рет құрылыс нысандарының құрылыс алаңдарын тексеріп, олардың үлескерлерімен әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Алтай Көлгінов "Жағалау-3" ТК (А-Ж блоктары), Сығанақ көшесі, Қорғалжын тас жолының оңтүстігіне қарай орналасқан "Жағалау-4" ТК құрылысы орнында болды, сондай-ақ Тұран даңғылының батысына қарай Сығанақ көшесі (жобаланатын) бойында орналасқан салынып жатқан "Шығыс" ТК мәселелерімен танысты. 

 Бұл тұрғын үйлерде 1500-ден астам үлескер өз пәтерлерін күтуді. Кездесу барысында олар құрылыстың созылуына қатысты наразылықтарын білдірді. Үлескерлермен әңгімелесе келе, әкім өз тарапынан әкімдік нысандарды тапсырудың бекітілген мерзімі орындалуы үшін барлық шараларды қолданатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол құрылыс салушылар өз қаражатын үйлерге салған адамдардың сенімін ақтамағанын, олар ұзақ жылдар бойы құрылысы аяқталмаған, сондай-ақ көптеген кемшіліктер бар екенін атап өтті.


"Құрылысты салушылар үлескерлердің ақшасын пайдалана отырып, үй салу міндетін өз мойнына алды, бірақ адамдардың сенімін ақтамады. Мұндай теріс пиғылды адамдармен алдағы уақытта жұмыс істемейтін боламыз. Енді аталмыш мәселені өз күшімізбен жеткізетін боламыз. Ең бастысы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік қаражат бөлінді. Құрылысты аяқтау және үлескерлердің ұзаққа созылған мәселелерін түпкілікті шешу процесін бақылауда ұстаймыз", - деді әкім.




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сенбі, 13.07.2019, 16:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31