Ел жаңалықтары

Алты әйел еркек атанды: Алматыда соңғы үш жылда 10 адам жынысын өзгертті

  • Алты әйел еркек атанды: Алматыда соңғы үш жылда 10 адам жынысын өзгертті

    Алты әйел еркек атанды: Алматыда соңғы үш жылда 10 адам жынысын өзгертті

Алматыда 2017 жылдан бастап жынысының өзгеруіне байланысты 10 адам жаңа куәлік алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы Әділет департаментіне сілтеме жасап.


Мұндай статистиканы Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми өкілі Әсемгүл Батыргереева келтіріп отыр. Оның айтуынша, жынысын өзгерткен 10 адамның ішінде төрт ер адам жынысын - әйелге, алты әйел ер адамға ауыстырды.


Сондай-ақ, департамент аталған азаматтардың жыныстарының өзгеруіне байланысты жеке басын куәландыратын жаңа құжаттарды алу тәртібі қалай жүретінін айтып берді.


«Жыныстың өзгертілуі Қазақстан Республикасының Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы Кодексінің 257-бабының 13-тармағында түсіндіріледі. Жеке басты куәландыратын құжатты өзгертуге АХАЖ-дың қорытындысы және өзгеріс туралы медициналық анықтама негізінде жүзеге асырылады. АХАЖ-да дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы болған жағдайда ғана өтініштер қабылданады», - деді Әсемгүл Батыргереева.


Оның айтуынша, мұндай жағдайларда жаңа құжаттарды алу процедурасы тұрақты өзгеріске дейін көп уақытты алады.


«Тіркелген кезде толық дербес деректер тіркеуге дейін және тіркеуден кейін көрсетіледі. Сонымен қатар, АХАЖ бөлімшелері адамның жеке деректерін өзгертуден бас тартуға құқылы емес», - деді Әсемгүл Батыгереева.


Әділет департаменті өкілінің айтуынша, бұрын құжаттарды өзгерту тек Қазақстан азаматтарына ғана қолжетімді болса, енді бұл қызмет азаматтығына қарамастан кез-келген адам үшін тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2019, 13:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30