Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 ақпан 2022, 22:38

Синоптиктердің болжамынша, ертең Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Күн райы Қостанай облысында да құбылады. Мұнда боран соғып, тұман түсуі мүмкін.

 

Мамандар жолда абай болуды ескертеді.

 

Себебі батыс өңірлер мен Алматы облысында көктайғақ күтіледі.

 

Алматы мен Ақтөбе өңірінде тұман түсуі мүмкін.