Ел жаңалықтары

Ана мен балаға 700 миллиардтан аса қаражат бөлінді: Министр әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы айтты

  • Ана мен балаға 700 миллиардтан аса қаражат бөлінді: Министр әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы айтты

    Ана мен балаға 700 миллиардтан аса қаражат бөлінді: Министр әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы айтты

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов әр балаға 42 500 теңгеден төлеу сауалына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.

"Барлық жәрдемақыны тоқтатып, әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақты депутаттар да қойып жатыр, әлеуметтік желіде де, ортақ талқылауда да жүр. Бірақ біз бұл мәселенің екінші бір жағын да қарастыруымыз керек, мысалы қазірдің өзінде бізде 18 жасқа дейінгі 6 миллионнан аса бала бар. 42 мыңнан деп есептегенде оның қаражаты өте қомақты болады", - деді министр.

Министр қазіргі бюджет 4 триллионға жақын, оның көп бөлігі ана мен балаға жұмсалатынын айтты.

"Республикалық бюджет 14 триллион, яғни үштен бірі біздің министрлікте. Оның 96 пайызы жәрдемақы, зейнетақы сияқты төлемдерге жұмсалады. Ал, ана мен балаға 700 миллиардтан аса қаражат бөлініп отыр. Оның бала күтіміне байланысты, бір реттік төлем деген сияқты түрлері бар, егер оның барлығын алып тастап, біріктірілген жәрдемақыны енгізетін болсақ, белгілі бір категориядағы адамдарда сұрақтар туындайды, сол үшін оның барлығын жіті зерттеп шығу керек", - деді Серік Шәпкенов.

Министрдің сөзінше, қазақстандық мамандар шетелдің тәжірибелерін жіті зерттеп жатыр, егер оңтайлы нұсқа табылса, елдегі жәрдемақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіліп қалуы мүмкін.

"Қазір әлемдік жақсы тәжірибелерді қарастырып жатырмыз, оның ішінде Ресей сияқты және өзге де шет мемлекеттер бар, экономикалық жағдайымызды ескеріп, егер тиімді модельдер болса алдағы уақытта қарастырамыз", - деді министр.

Айта кетейік, биыл мамырда Мәжіліс депутаттары Қазақстанда 18 жасқа дейінгі әр балаға орташа жалақы мөлшерінде жалпыға бірдей жәрдемақы енгізуді ұсынған болатын.




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 14:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31