Ел жаңалықтары

Анаға құрмет музейіндегі Аналар күні

  • Анаға құрмет музейіндегі Аналар күні

    Анаға құрмет музейіндегі Аналар күні

2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандық аналардың өз мерекесі болуы тиістігін, оны күз мезгілінде атап өту жарасымды болатындығы жөнінде ұсыныс білдірген болатын. Көп ұзамай, ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Президентінің 1998 жылғы «Кәсіби мерекелер және өзге де мейрамдар туралы» Жарлығына өзгерту енгізіліп, қыркүйек айының үшінші жексенбісі Аналар күні болып белгіленді. Осыған орай жуырда Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Анаға құрмет музейінде «Дала аруы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Анаға құрмет музейінің ұйытқы болумен биыл үшінші рет өткен мерекелік жиынның негізгі мақсаты ақ жаулықты аналарға алғыс айту, қазақ қоғамындағы нәзік жандылардың орны, ұлы дала тарихында орны бөлек дана аналарды, батыр қыздарды еске алу, оларды ел арасында кеңінен насихаттау.

Музей меңгерушісі Аршагүл Серікқызы: «Бұл мерекені біз биыл үшінші рет ұйымдастырып отырмыз. Алғаш біз қазақстандық Аналар күнін 2019 жылы «Даланың дана арулары» деген атаумен халықаралық фестиваль деңгейінде атап өттік. Сол жылы менің авторлығыммен «Даланың дана арулары» атты кітабым қалың оқырманға жол тартты. Өткен жылы осы уақытта аналарға арнап «Анамның ақ жаулығы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Өкінішке қарай, соңғы екі жылда әлемде қалыптасқан пандемиялық жағдай аналар мерекесін өз деңгейінде өткізуімізге мүмкіндік бермей отыр. Десек те, біздің музей ана атауымен тікелей байланысты болғандықтан бұл күнді аттап өте алмасымыз анық» - деді.

Мерекелік шараға Қарасай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ-нің басшысы Күлжан Дүйсенова, Қарасай ауданының құрметті азаматы Бақыт Шпекбаева, «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, Қарасай ауданы маслихат депутаты Мұхтар Байқұлов, сондай-ақ қолөнер шеберлері қатысты. Мерекелік шараның бірінші бөлімінде Анаға құрмет музейінің тапсырысымен жасалған Ғалым Ахметовтің «Дала аруы» атты мүсінінің ашылуы болса, екінші бөлімде қонақтар Анаға құрмет музейі мен галереяға саяхат жасап, «Музейге сый», «Ұмыт болған ұлттық дәм» шеберлік сабағын тамашалады. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері аспан астында сурет салып, бояуы кеппеген су жаңа туындыларын музейге сыйға тартты.

Ал «Музейге сый» акциясы аясында Социалистік Еңбек ері, Батыр Ана Салима Жұмабекованың балалары аналарының көзіндей болған киімдерін музей қорына табыс етті. Мерелік шараны Қарасай ауданы Мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрлеп, кеш соңында бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді.

 

Назерке АБЗАЛ,

Анаға құрмет музейінің

қор сақтаушысы




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 14:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31