Ел жаңалықтары

"Анасына өлтіргенін айтып, жылаған": Атырау облысында көп балалы әйелді пышақтап тастаған адам белігілі болды

  • "Анасына өлтіргенін айтып, жылаған": Атырау облысында көп балалы әйелді пышақтап тастаған адам белігілі болды

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында жеті баланың анасын 25 жастағы азамат пышақтап тастаған болатын. Мектепте еден жуатын әйел ай сайын 74 мың теңге жәрдемақыға күн көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

35 жастағы әйелдің жеті баласы болған. Ең кішісі - алты жастағы ер бала балабақшаға барса, бес баласы мектепте білім алады. 16 жастағы қызы аудандық колледжде оқиды.

 
25 жастағы жігіт әйелді әкімдік ғимаратының жанында өлтірген. Екеуі ұзақ сөйлесіп, кейін жігіт әйелді аяусыз пышақтап тастап, үйіне кетіп қалған. Үйіне барғаннан соң анасына барып, әйелді өлтіріп тастағанын айтып, жылаған.

Күдікті - отбасыдағы жалғыз ер бала. Вахталық әдіспен жұмыс істеген. Одан кейін тұрмыс құрған үш әпкесі бар. Қарт анасымен бөлек тұратын жігіт қазір қамауға алынды.

“Отбасы тамыз айына дейін 20 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алды. Сондай-ақ жеті балаға 74 мың теңге ай сайынғы жәрдемақы төленіп отырды. Одан бөлек әкесін де анасын да жұмысқа орналастырдық. Алайда екеуі де бір жұмыста ұзақ жұмыс істемей, шығып кете береді. Қазір ер адам жұмыссыз. Қайырымдылық жасаған кезде осы отбасыны қалдырмаймыз. Азық-түлік, тұрмыстық заттар мен қаржылай көмек көрсетіп тұрдық”, - деді Stan.kz тілшісіне аудандық әкімдіктегілер.

Ер адам әйелді не үшін өлтіргені белгісіз. Алдын-ала болжам бойынша, екеуінің арасында кикілжің болып, күдікті өз-өзін ұстай алмай қалған. 

Қазір жеті бала әкелерінің қасында. Ал қаза тапқан әйелді демалыс күні жер қойнына тапсырды. Оның атында екі несие бар екені белгілі болды.

Күдікті Атырау қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілді. Полиция қызметкері оны бір сағаттың ішінде қолға түсірген. Сотқа дейін абақтыда болады. Тергеу амалдары жаласуда. 

Әйелді өлтіретін күні осы ауданда 40 жастағы Тараз тұрғынының өлі денесі табылған болатын. Оны басынан соғып өлтірген.

Еске салсақ, осыған дейін Атырау облысында көпбалалы әйелді аяусыз өлтіріп тастағанын хабарлаған болатынбыз.




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 00:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31