Ел жаңалықтары

Анасының мерейтойына барған судья сазайын тартты

  • Анасының мерейтойына барған судья сазайын тартты

    Анасының мерейтойына барған судья сазайын тартты

Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыдағы мейрамханада тойда жүрген судьяның видеосы туралы пікір білдірді. Судья карантин шарасын бұзған қонақтармен бірдей жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау министрлігі "бұл жағдайды", яғни мейрамханада халықты жинап той өткізген судьяның әрекетін құптамайтынын айтты.

"Бұл жағдай бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Судья Қазақстан азаматына қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

Бұл жалпы халықтың денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Қажетті шаралар қабылдаймыз. Мен заңбұзушыларды лауазымына қарай бөлмеймін. Ондай адамдар керісінше үлгі көрсетуі қажет", - деді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түсірілген видео тараған еді. Видео кадрларынан мейрамханаға мобильді топ келіп, судьяны ұстағанын көруге болады. Видеода ол жағдайды тыныштандырып, тексерушілерден шу шығармауды сұрайды. Сондай-ақ, ол ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокуратурлар да отырғанын айтады.

Ресми деректерге сүйенсек, судья Естай Исабеков 1978 жылы туған. Бұрын ол прокуратурада жұмыс істеген. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2009 жылы Теміртау қалалық сотынан бастаған. Қазіргі уақытта ол Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Қарағанды мейрамханасында болған той видеосынан кейін судьяның бауыры жазаланды. Ол ұйымдастырушы болған. Той "Рубин" мейрамханасында судья Естай Исабековтің анасының құрметіне өткені хабарланды.




Көрілген: 824    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 00:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30