Антальяда Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрлері кездесу өткізді

10 наурыз 2022, 15:32

Түркияда Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба кездесу өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлердің кездесуі Антальядағы дипломатиялық форум аясында өтуде. Кездесуге Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да қатысады. Әзірге министрлердің қандай мәселелерді талқыланайтыны белгісіз.

Димпломатиялық ведомство басшылары Ресей мен Украина делегациялары өткізген үш келіссөзден кейін алғаш кездесіп отыр. Әзірге екі тарап келіссөздер нәтижесінде гуманитарлық дәліз ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдаған. 

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский бейбітшілік орнату үшін жаңа келіссөздерге дайын екенін мәлімдеген.

Аталмыш дипломатиялық форумға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барған. Назарбаевты Түркия президенті арнайы шақырған еді.