Ел жаңалықтары

Антикор құрылыс саласындағы жемқорлық фактілерін жариялады

  • Антикор құрылыс саласындағы жемқорлық фактілерін жариялады

    Антикор құрылыс саласындағы жемқорлық фактілерін жариялады

Соңғы бес жылда республикалық бюджеттен тек автомобиль жолдарын салуға және жөндеуге 1,5 трлн теңгедей бөлінді. Сонымен қатар, халықаралық рейтингтерге (Дүниежүзілік экономикалық форум) сәйкес, жол сапасының көрсеткіштері бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 93-орынды иеленеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

 
«Бұл салада қойылған міндеттерді іске асыру - жергілікті жерлердегі жауапты лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттемелерін адал атқаруына байланысты.

Алайда жекелеген теріс пиғылды лауазымды адамдар көрсеткен сенімді жеке пайда табу мақсатында мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне қайшы пайдалана отырып, бюджет қаражатын жымқырып, пара алуда», - делінген агенттік хабарламасында.
Жалпы құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 800 іске қатысты (2016 жылы – 181, 2017 жылы – 181, 2018 жылы – 263, 2019 жылы – 164, 2020 жылы – 159) сотқа дейінгі тергеу болды. Оның ішінде 632 қылмыстық іс (2016 жылы – 128, 2017 жылы – 116, 2018 жылы – 193, 2019 жылы – 88, 2020 жылы – 107) өндіріспен аяқталып, оның 500-ден астамы сотқа жолданды және 200-ге жуық адам сотталды (2016 жылы – 29, 2017 жылы – 38, 2018 жылы – 48, 2019 жылы – 37, 2020 жылы – 43).

Тек құрылыс саласында өтелген залал сомасы шамамен 27 млрд теңгені құрады (2016 жылы – 8 349 млн, 2017 жылы – 8 861 млн, 2018 жылы – 907 млн, 2019 жылы – 945 млн, 2020 жылы – 7 777 млн). Олардың көпшілігі ұрлық, парақорлық, билікті теріс пайдалану және қызметтік жалғандықпен байланысты.

Мысалы, ШҚО-да Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарларына қатысты «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ 300 орындық оқу корпусы» объектісін салу кезінде бюджет қаражатын ұрлау және аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Осы саладағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар халықты ауыз сумен қамтамасыз ету сияқты өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдық объектілерді салу кезінде де жасалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы И.А.Әбішевке және «Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы» халықаралық қоғамдық бірлестігінің бұрынғы вице-президенті С.А.Түкиевке қатысты бұрын сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Олар «Соколов топтық су құбырын реконструкциялау және қосылған ауылдық елді мекендердің таратушы желілерін салу, екінші кезек» қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша шарт жасасқаны үшін «Қазбайлық Астана» ЖШС өкілі А.К.Шаймерденовтен 60 млн теңге сомасында өздерінің сенімді тұлғалары арқылы пара алды деген күдікке ілінді.

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әбішев пен Түкиевке тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ биыл ақпан айында «Зак Сервис» ЖШС директоры Р.П.Киреевке қатысты 2011-2012 жылдары Өскемен қаласында білім беру объектілерінің құрылысы (тапсырыс беруші - БҒМ) бойынша жұмыстарды орындау кезінде алдау жолымен 1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2020 жылғы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін Киреев 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Анықтама:

Сотқа дейінгі тергеу Киреевтің халықаралық іздестіруге жариялануына байланысты (2015 жылғы тамыздан бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін) бұрын 2017 жылы сотталған (орындалмаған жұмыстарды қабылдаған) бұрынғы БҒМ вице-министрі С.Б.Шаяхметовке және «ҚР ДСО ОН» ЖШС директоры А.В.Пакқа қатысты қылмыстық істен бөлінген.

Киреев 5 жыл (2015 жылдан 2020 жылға дейін) іздестіруде болған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс белгіленген және 2020 жылғы қаңтарда республика аумағына қайтарылған.

Қарағанды облысында бұрынғы «Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы М.С.Әлиевке және «Байтас ХХІ» ЖШС басшылары А.Д.Цой мен Д.П.Ханға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, олар бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша бұрын тіркелген қылмыстық істерді тоқтату туралы мәселені шешкені үшін ҚР БП лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 40 мың АҚШ долларын құрайтын пара беруге арандатушылық жасады деген күдікке ілінген.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен: Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Палодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында осыған ұқсас қылмыстардың жолы кесілді.

Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері:

Мәселен, Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының бұрынғы директоры Е.Омаров пен оның орынбасары А.Юнусовқа қатысты жол құрылысы кезінде мердігер ұйымдардың жалпы қамқорлығы мен салғырттығы үшін лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, алаяқтық және пара алу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2020 жылғы 4 наурызда Ақтау қалалық сотының үкімімен Омаров пен Юнусов 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір мысал, «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бұрынғы басшысы Н.Ж.Иманалин мен «Ақ Саток» ЖШС директоры Қойбағаровқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтаған болатын.

Иманалин жеке компания директоры Қойбағаровпен алдын ала сөз байласып, бір топ адамның алаяқтық әрекеті арқылы Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылындағы 320 орындық мектеп (бұдан әрі – мектеп) құрылысына жалпы сомасы 60 703 175 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, ол мектеп құрылысы объектісінде компания міндеттемелерін тиісінше орындамау жағдайынды мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сомасының 22 474 872,23 теңге мөлшеріндегі сомасының үш пайызын жеке компанияға негізсіз қайтарудан көрінетін лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ, ол төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады және аталған қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты күш қолдану қаупіне ұшырады.

2020 жылғы 25 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Иманалин 7 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы, 379-бабы, 380-бабының 1-бөлігі).

Осы үкіммен Қойбағаров (190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы) коммерциялық ұйымдарда 10 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30