Антикор Самұрық-Қазына басшылығындағы бірнеше кісінің үстінен іс қозғады

03 наурыз 2022, 18:16

Ұлттық әл-ауқат холдингімен қатар оған еншілес компаниялардың да басшылығында қызмет атқарған адамдар тергеліп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz-ке сілтеме жасаған Alashainasy.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК басшылығына қатысты жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 млрд. теңге сомасында залал келтірілді», - делінген хабарламада.

 

Өзге ақпарат тергеу мүддесіе сәйкес жария етілмейді.