Ел жаңалықтары

Әпкесі көмекке шақырған: Талғар тұрғыны байқамай жездесін өлтіріп алды

  • Әпкесі көмекке шақырған: Талғар тұрғыны байқамай жездесін өлтіріп алды

    Әпкесі көмекке шақырған: Талғар тұрғыны байқамай жездесін өлтіріп алды

Балдызын көрген ауыл тұрғыны одан сайын арқаланып, қолындағы пышағын сермей бастаған. Ішкі істер министрлігі өткен тәулікте болған қылмыстарға шолу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, елімізде бірнеше қылмыс жасалған. Мәселен, Алматы облысындағы Талғар ауданының Кеңдала кентінде ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігелер оны ажалдан құтқара алмады. Тергеу кезінде ол адамның жарақатты қалай алғаны анықталды.


Тағы оқыңыз: Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды


"Қайтыс болған ер адам мас күйінде жұбайына ұрына бастаған кезде қауқарсыз әйел көмекке өз інісін шақырған. Балдызын көрген жездесі одан сайын арқаланып, қолындағы пышағын сермей бастаған көрінеді. Оны тыныштындыруға тырысқан балдызы амалсыз соққы жасағанын айтып отыр. Жәбірленуші жерге құлап, басынан қатты жарақат алса керек. Оның үстіне соққы жасаған азамат кезінде бокспен айналысқан екен", - дейді Ораз.


Оның айтуынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ал Өскеменде қарақшылық шабуыл жасалды. Бұрын сотталған адам мас күйінде жекеменшік үйге кіріп, иесін пышақпен қорқыту арқылы зергерлік бұйымдар мен бағалы заттарды ұрлап кеткен.


"Қаскүнем жәбірленушінің жеңіл автокөлігін де айдап кетпекші болған. Алайда ойы жүзеге аспады. Ол көлікті басқара алмай, жолда аударылған. Полиция күдіктіні ұстап, уақытқа ұстау абақтысына қамады", - деп атап көрсетті Ораз. 




Көрілген: 1899    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 22:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31