Ел жаңалықтары

“Арабтарға көмектесіп жұмыссыз қалдым”: Атыраулық көпбалалы әке көмек сұрайды

  • “Арабтарға көмектесіп жұмыссыз қалдым”: Атыраулық көпбалалы әке көмек сұрайды

    “Арабтарға көмектесіп жұмыссыз қалдым”: Атыраулық көпбалалы әке көмек сұрайды

2019 жылы Теңіз кен орында арабтармен қазақтардың төбелесі кезінде жұмыстан шығарылған көпбалалы әке әлі жұмыссыз жүр. Сөзінше, оны “ТеңізШеврОйл” ЖШС өмір бойына кен орны аумағына кіре алмайтындай етіп, қара тізімге енгізген.
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының 33 жастағы тұрғыны Руслан Шахаев еліміздің ең ірі мұнай кен орыны Теңізде 15 жыл қалтқысыз қызмет еткен. Алайда 2019 жылдың маусым айында болған Қазақстан мен Иордания азаматтарының арасында болған жаппай төбелестен кейін, Шахаев "ТеңізШеврОйл" ЖШС арнайы қара тізіміне енгізілген.

“Төбелес кезінде мен Теңізде вахтада болдым. Сол күні шетелдік азаматтарға көмектесіп, оларды қорғап, ешкім ұрып-соқпасын деп жүрдім. Өйткені бұл үшін кейін жауап беретін едік. Бірақ мені төбелеске қатысты деп, жұмыстан шығарып жіберді. "Consolidated contracting engineering & procurement s.a.l. - offshore" компаниясында еңбек қауіпсіздігі инженері болып жұмыс істеп жүрдім”, – дейді Руслан Шахаев.

 
Жұмыстан шығып қалғаннан кейін Руслан "Құлсарыгаз" ЖШС қызметке тұрып, Теңіз кен орнында жұмыс істеуге құжаттарын тапсырады. Алайда оған Теңіз аумағына кіруге рұқсатнама берілмейді. Себеп – төбелеске қатысып, еңбек заңнамасын өрескел бұзды деген желеумен оны қара тізімге енгізген. Осылайша мүгедек бала бағып отқан көпбалалы әке жұмыссыз қалады. Енді ол өмір бойына Теңізге кіре алмайды.

“Көптеген компаниялар жұмысқа шақырады. Еңбек өтілім жақсы. Бірақ жұмысқа кіре алмаймын. Құлсары қаласының ішінде мардымды жалақыға жұмыс жоқ. Жұмыссыз ретінде тіркеліп қойдым, бірақ бес баламды, оның ішінде мүгедек баламды бағу қалтаға қиын соғады”, – дейді Руслан.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы бұл мәселеге араласа алмаймыз деп отыр. Себебі Шахаевтың арызы бойынша компанияға  жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізе алмайды.

“ҚР Еңбек Кодексінің 17 бабына сәйкес, рұқсатнама беруден бас тартуды себебі жөніндегі арызды біздің басқарма қарамайды”, – дейді еңбек инспекциясы.

Жылыой аудандық әкімдігі де Шахаевтың Теңіз аумағына кіруге арналған рұқсатнамаса бұғатталып тұрғанын хабарлады.

“2020 жылдың сәуір айына жұмыссыз ретінді тіркелген. Орталыққа түскен сұранысқа сәйкес компанияларға түйіндеме жолданды. Алайда Теңіз кенішінде жұмыс істеуге "ТеңізШеврОйл" ЖШС-нің рұқсатнамасы бұғатталып тұр. Сол себепті түйіндемесі қарастырылмады”, - дейді Жылыой аудандық әкімдік өкілдері

Енді Шахаев бес баласын асырау үшін Құлсары қаласының ішінде 300-400 теңге такси жүргізуге мәжбүр.




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 15:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31