Ел жаңалықтары

Аралда төтенше жағдай жарияланатын болды

  • Аралда төтенше жағдай жарияланатын болды

    Аралда төтенше жағдай жарияланатын болды

Қызылорда облысының Арал ауданында қатты ыстық пен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына байланысты қуаңшылық жағдай орын алды. Өңірде төтенше жағдай режимін жариялау жоспарланып отыр, деп жазады sputnik.kz.

Еске салсақ ресми мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде 500-ден астам мал қырылды.

"Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Арал ауданында төтенше жағдай жариялауға байланысты құжаттар дайындалып жатыр. Осы режимнің енгізілуін негіздеу үшін қажет кейбір зерттеулерді аяқтау ғана қалады", - деді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Әбішевтің айтуынша, Арал ауданының кейбір елді мекендері құрғақшылықтан зардап шеккен.

"Мамандар шөптің биылғы шығымдылығына қатысты ауданды шартты түрде үш санатқа бөлді. Яғни, қызыл, жасыл, сары. Қызыл аймаққа 13 елді мекен енді. Өйткені, жайылымдық жерлері 90 процентке құрғап кеткен. Ал сары аймақтағы елді мекендерде 30-40 процентті құрайтын шөп бар. Жасыл түспен белгіленген елді мекендерде шөптің шығымдылығы жақсы", - деді Еркін Әбішев.

Гүлшара Әбдіқалықованың тікелей нұсқауы бойынша мал азығы аудан шаруашылықтарына жеткізіліп жатыр.

"Өңірге 51880 жоңышқа және 2000 қап жем жеткізілді", - деп түсіндірді Арал ауданы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Арал ауданында 5 маусым күні жем-шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 20 тонна күріш жемі мен 207 тонна жоңышқа қойылды. Облысқа басқа өңірлерден бидай мен арпа жеткізуге өтінім берілді.

Қазір Арал ауданында ескі 15 су құдығы тазартылуда. Оларды қалпына келтіру жайылымдардағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31