Ел жаңалықтары

Әрбір сақтандырылған азаматқа 83,1 мың теңге жұмсалады

  • Әрбір сақтандырылған азаматқа 83,1 мың теңге жұмсалады

    Әрбір сақтандырылған азаматқа 83,1 мың теңге жұмсалады

2020 жылы әрбір сақтандырылған адамға көрсетілетін медициналық көмекке 83,1 мың теңге жұмсалмақ. Нәтижесінде азаматтардың денсаулыққа жұмсайтын жеке шығындары едәуір қысқарады. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов хабарлады.


Айтуынша, тегін медициналық көмекке бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын артып отырғанына қарамастан, медицина саласындағы шығындардың 41% халықтың қалтасынан шығады. Бұл ДДСҰ белгілеген межеден екі есе көп.


Қор мәліметінше, қазір халықтың 93% сақтандыру жүйесімен қамтылған. Оның 58%-ы – мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар 11 млн азамат. Қалғаны – жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер мен БЖТ төлеушілер. Сақтандырылғандардың бәрі де 2020 жылдан бастап кеңейтілген көлемде медициналық көмек ала алады. Олардың қатарында салалық мамандар кеңесі, бағасы қымбат зертханалық анализдер мен МРТ, КТ сынды диагностикалық зерттеулер де бар.


«Тұрғындарға аз мөлшерде жарна төлеп, ауырып қалған жағдайда құны миллиондаған теңге тұратын көмекке қол жеткізуге болатынын айтып түсіндіруіміз керек. Мысалы, жүрек немесе бауыр алмастыру сынды күрделі операциялар қолжетімді болмақ. Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз міне, осы», - деді Е.Байжүнісов.


Жұртшылықты жұмыстан шығып қалған жағдайда медициналық көмек көрсету тәртібі өзгере ме деген сауалдың мазалайтыны анық.


«Жұмыссыз қалған азаматтар МӘМС пакетіне енген қызметтерді жарна төлеу тоқтағаннан кейін үш ай бойы пайдалана алады. Басқа жұмысқа тұрғаннан кейін жұмыс беруші оның атына аударым жасай бастайды. Ал, «екі қолға бір күрек» таппаған жағдайда тиісті орындарға хабарласып, жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет. Бұл санат мемлекет тарапынан сақтандырылады», - деді Қор басшысының орынбасары.


Естеріңізге сала кетсек, азаматтар медициналық көмекке қатысты сауалдарын 1406 нөміріне жолдай алады.


МСҚ Алматы қалалық фииалының баспасөз қызметі 




Көрілген: 254    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.10.2019, 15:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30