Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«АрселорМиттал Теміртауға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

22 желтоқсан 2022, 12:15

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына салық заңнамасын бұзғаны үшін 1,3 млрд теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан аванстық төлемдер сомасының төмендетілгенін анықтады. 2017 жылға арналған мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының нақты есептелген салықтан төмен бағалануы анықталды.

 

Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге сомасында әкімшілік айыппұл материал толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

 

2022 жылдың 21 желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ аппеляциялық шағымын қарау аясында Қарағанды ​​облыстық соты Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәждерін қанағаттандырып, әкімшілік айыппұлды қанағаттандырды.