Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынды

29 мамыр 2022, 12:41

Түнде елорданың тергеу соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын кепілдікке алу туралы қорғаушының ұсынысын қабылдамай, екі айға қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі “Kozachkov offside” телеграм каналына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Әзірге Ұлттық музей директоры халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.