Ел жаңалықтары

Әсет Исекешевке жемқорлықпен күресудің заманауи тәсілдері таныстырылды

  • Әсет Исекешевке жемқорлықпен күресудің заманауи тәсілдері таныстырылды

    Әсет Исекешевке жемқорлықпен күресудің заманауи тәсілдері таныстырылды

ҚР Президентінің көмекшісі &ndash Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевке сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мемқызметкерлердің халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуына арналған жобаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев таныстырды.

Хатшы «Antıkor Ortalyǵy» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығына барып, Агенттік жұмысының сервистік үлгісімен танысты. Сондай-ақ, орталықтың арнайы мониторингтік тобы, ақпараттық-ағарту штабы, ардагерлер кеңесі мен «Астана &ndash Адалдық алаңы», «Protecting Business and Investments», «Ашық бюджет» жобаларының жетекшілерімен және қоғам өкілдерімен кездесті.

Қоғам өкілдері қолданыстағы жемқорлыққа қарсы жобаларды жетілдіру, азаматтық қоғамды, сондай-ақ, белсенді жастарды тарту жоспарлары туралы баяндады. Алик Шпекбаев қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы озық халықаралық стандарттарды жедел енгізу жалғасып жатқанын атап өтті. Бұл ретте олардың едәуір бөлігі мемлекеттік бақылаудың баламасы ретіндегі қоғамдық бақылауды дамытуға бағытталған.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшуі білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, жер қатынастары және т.б салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жоюдағы табыстың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Ә.Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның елордалық департаменті қызметкерлерінің open-space кабинеттеріне барып, мұндай тәсілдің транспаренттілік пен сенім қалыптастырудың қолайлы жағдайын жасаудағы маңыздылығына тоқталып өтті.

«Antıkor Ortalyǵy» &ndash сервистік орталығы Агенттіктің қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестігі мен халықпен кері байланысты қамтамасыз етудің тиімді алаңы.

Әсет Исекешевке азаматтарды қабылдаудың заманауи тетігі, сондай-ақ Агенттіктің жемқорлыққа қарсы жобалары жетекшілерінің бастамалары таныстырылды.

«Астана &ndash Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Шекенов Агенттіктің елорда әкімдігімен тиімді өзара әрекеттестігі туралы айта келе, тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысын баяндады.

Жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелерінде цифрландыру ерекше орын алады. Мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатының жұмсалуын онлайн режимде қоғамдық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Ашық бюджет» жобасы ерекше қызығушылық тудырды.

Ә.Исекешев кездесудің қорытындысы бойынша қоғам өкілдерінің бастамаларын қолдап, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын және олардың қоғаммен сындарлы ынтымақтасу қажеттігін атап өтті. Онда әр өтініш бюрократиялық кідірістерсіз және азаматтарды жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүрлемей барынша сапалы қаралуы тиіс.




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 01:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31