Ел жаңалықтары

Аштық, бейбіт тұрғындардың өлім жазасы күтіп тұр: БҰҰ Ауғанстанға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

  • Аштық, бейбіт тұрғындардың өлім жазасы күтіп тұр: БҰҰ Ауғанстанға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

    Аштық, бейбіт тұрғындардың өлім жазасы күтіп тұр: БҰҰ Ауғанстанға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанға гуманитарлық көмек беру үшін шамамен 600 миллион доллар тартпақ. Себебі билікті "Талибан" (ұйым Қазақстанда террористік деп танылған және тыйым салынған) басып алғаннан кейін ел ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.

Сонымен бірге, Панджшер алқабы Талибанға ең ұзақ қарсылық көрсеткендіктен, енді өңірдегі бейбіт тұрғындардың өлімі туралы хабар жиі келіп түсуде.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Женевада өткен ел үшін қаражат жинау конференциясының ашылуында Ауғанстан тұрғындары туралы: "Ондаған жыл бойғы соғыстан, азаптан және сенімсіздіктен кейін олар өмірлеріндегі ең қауіпті кезеңдерді бастан өткеруде", – деді.

Гутерриш Ауғанстанды жақын арада үлкен апат күтуі мүмкін, дейді.

"Қазір әрбір үшінші ауғандық тамағын қайдан аларын білмей дал болуда. Кедейлік көшкін тәрізді өсіп жатыр. Қарапайым әлеуметтік қызметтер институттары құлдырауға жақын. Жүздеген мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Осыған байланысты елді қатты құрғақшылық күтеді. Төрт жылдың ішіндегі екінші құрғақшылық. Айдың аяғында, қыс жақындаған кезде, көптеген адам тамақсыз қалуы мүмкін", – деді Гутерриш.

Женева конференциясына БҰҰ, халықаралық ұйымдар мен донор елдердің өкілдері жиналды. Жиналған қаражаттың үштен бір бөлігі БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы ауғандықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалады.

"Бұл уақытпен жарыс. Қар түспес бұрын азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек", – дейді бағдарламаның аймақтық директоры Антеа Вебб. 

BBC Ауғанстандағы бейбіт тұрғындардың қасақана өлтіру кадрларын тексерілген. Панджер аймағында шамамен 20 өлім анықталды. 

Тағы бір видеода әскери киім киген адамды басқа да әскери киімдегі адамдар қоршап тұрғаны бейнеленген. Атыстың дыбысы естіліп, ол адам жерге құлайды. Видеода өтіп бара жатқан адамның өліп қалған азаматтың бейтіп тұрғын екенін айтқан дауысы естіледі. 

Тағы бір құрбан болған азамат Панджшердегі дүкен иесі, екі баланың әкесі Абдул Сами. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, оны талибтерге қарсылық көрсеткендерге сим-карта сатқаны үшін кінә таққан. Бірнеше күннен соң оның денесін үйінің алдына әкеліп лақтырып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оның денесінде зорлық іздері болған.




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 16:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30