Ел жаңалықтары

Әскердің баламасы: Қазақстанда әскери билетті алудың қандай жолдары бар

  • Әскердің баламасы: Қазақстанда әскери билетті алудың қандай жолдары бар

    Әскердің баламасы: Қазақстанда әскери билетті алудың қандай жолдары бар

Елімізде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай тек әскери билеті бар азаматтардан бөлек, бүкіл ерлер қауымын құттықтау әдетке айналған. Десек те әскери билет Қазақстанның кез келген ер азаматы үшін жеке куәлік секілді маңызды құжат екенін ескерген жөн. Көп жерлерде талап етілетін бұл құжатты алудың қандай жолдары бар? Stan.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар. 
 
Әскери билет – әскери қызметте, әскери міндеттен босатқан жағдайда немесе запасқа қабылдағанда азаматқа берілетін құжат. Құжатта әскери қызметкердің жеке мәліметі, әскери қызметті өтеген орыны, уақыты, әскери дәрежесі мен әскери шенінің дәрежесі көрсетіледі.

Осыған байланысты жыл сайын 18 жасқа толған бозбалаларды әскери есепке алып, әскер қатарына шақырады. Қазақстанның 18 бен 27 жас аралығындағы кез келген ер азаматы әскерге міндеттелген. Дегенмен "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес әскерден уақытша және тұрақты негізде босатыла алатын бірқатар жағдайлар бар.

 
Бейбіт уақытта әскерден: 

денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар;
27 жасқа толғандар;
туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедек болып қалғандар;
басқа мемлекетте әскери  (балама) қызметті өткергендер;
арнайы мемлекеттік органдарында қызметті өткергендер;
оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;
діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар
орта білімнен кейінгі немесе жоғары педагогикалық білімі бар және өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін ауылдық жерлерде орналасқан білім беру ұйымдарының мұғалімдері;
ауылдық жерлерде өз мамандығы бойынша тұрақты жұмыс жасайтын дәрігерлер;
Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары;
сотта оларға қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық істері қаралып жатқан азаматтар;
азаматтық авиацияның ұшу экипаждарының мүшелері, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлері, механиктері мен техниктері әскерден босатылады.  
Айта кетейік, әскерден қашып, жалтыруға тырысқан азаматтарға салынатын салық 1 000 АЕК-ге дейін жетеді (2 917 000 теңге).

Ал әскер билетіне қалай қол жеткізуге болады?

Әскер қызмет

Жылда екі маусымда әскерге міндеттілер шақырту алады. 1 жылға созылатын әскерден соң бозбалалар әскери билетін алады. Мерзімді әскери қызмет 18 жасқа толған медициналық тұрғыдан жарамды кез келген Қазақстанның ер азаматы шақырылады. Бүгінгі таңда жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Сарбаздар барған әскер түріне байланысты 1, 2 не 2,5 жыл қызмет етеді. Мәселен, әуе қорғаныс күштері мен мемлекеттік шеқараны корғау әскерлері үшін — 2 жыл, жоғарғы білімі бар азаматтар үшін — 1 жыл, әскери-теңіз флотының матростары, сержанттары мен старшиналарының қызмет ету мерзімі 2,5 жыл.

Мерзімі: 1-2,5 жыл


Әскери кафедра

Жоғары оқу орнына түскен студенттер 2 курстан бастап университет жанындағы әскери кафедрада оқи алады. Аптасына бір рет болатын кафедра 2 жылға созылады. Ал жоғары оқу орнының дипломын алған соң 40 күндік арнайы әскери-жиынға қатысады. 2 жылда әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, мылтық ұстауға машықтанған курстанттар бар білімін соңғы бір айда қорытындылайды.

Мерзімі: 2 жыл


Арнайы оқу орындары

Ішкі істер министрлігі не ҰКК академиясының түлектері дипломмен бірге әскери билет пен шен алып шығады. Төрт жыл оқудан соң курсттарға бірден әскери билет беріледі. 

Мерзімі: 4 жыл


Әскери-техникалық мектеп

2013 жылдан бастап әскери билетті бір ай ішінде алу мүмкіндігі пайда болды. 24 пен 27 жас аралығындағы әскери қызметке жарамды және шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар ақылы не тегін түрде әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша даярлау мектебіне қатыса алады. 

40 күнге созылатын әскери дайындық кезінде азаматтардың негізгі жұмыс орны сақталады. Бұл уақыт аралығында жұмыс берушілер қызметкерлерін жұмыстан шығара алмайды. 

Мерзімі: 40 күн


Бұдан бөлек, елімізде жасы 27 келген азаматтар әскерге шақыртылмайды, олар өз кезегінде әскери бөлімге барып, әскери билет алулары тиіс. Әскери билет алғысы келгендер (27жастан асқандар) өтініш халыққа қызмет көрсету орталықтарында жазып, 5 АЕК (14585 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. 




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 13:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30