Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту басты назарда

06 мамыр 2022, 20:28

Мемлекет басшысы әскери білім беру саласына арнайы тоқталды. Оның айтуынша, ұл-қыздарымыз республикалық әскери мектептерде Отан қорғау ісін меңгере бастайды және елімізде үздік әскери оқу орындары бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 – Оның көш басында тұрған Ұлттық қорғаныс университеті қауіпсіздік саласындағы ірі ғылыми орталыққа айналды. Мемлекет әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса назар аударып келеді. Оларға баспана беріледі, басқа да жеңілдіктер ұсынылады, лайықты жалақы төленеді. Жастар үшін әскери борышын өтеу және Қарулы Күштер қатарында келісімшартпен қызмет ету – абыройлы міндет. Шын мәнінде, армия – өмір мектебі ғана емес. Сонымен бірге мақсаты айқын және отаншыл жастардың болашағына жол ашады. Осы орайда, әсіресе, басшылық құрамға зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің Отан алдындағы адал қызметтеріңіз жастарға үлгі-өнеге болып, айрықша ерік-жігер береді, – деді Президент.