Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әскерилерге 5 пайыздық жеңілдетілген ипотека берілетін болды

21 желтоқсан 2017, 21:03

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотеканы әскерилерге 5 пайызбен беруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, келесі жылдан бастап шамамен 67 мың әскери отбасы жинақ жүйесіне қатысатын болады. Олардың ішінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік күзет қызметінің әскерилері бар.

«Бүгін-ертең біз Қаржы министрлігінде бірнеше отырыс өткізетін боламыз. Әзірше, әскерилер үшін алдын ала займның 5 пайыздық мөлшерлемесін белгілеп отырмыз. Келесі жылы бізде 120 млрд теңгедей бюджетіміз болады. Бұл дегеніміз, шамамен 8 мың әскери отбасы 2018-2019 жылдары ішінде алдын ала займға тапсырыс бере алады. Қалғаны ақшаны жинай береді. Әрине, заң бойынша әскери азамат кез келген банктен ипотека ала алады. Алайда біз мемлекеттік банк, әлеуметтік банк ретінде әскери азаматтарға тиімді шарттарды ұсынуымыз қажет», — деді Ләззат Ибрагимова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Банк басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде әскери азаматтарға арналған шарттар даярланып жатыр. Жақын арада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі оны кеңінен таныстыратын болады.

ҚазАқпарат