Астана 21 жылда қалай дамыды

Астана 21 жылда қалай дамыды

 Алдағы 10 жылда елордадағы халықтың саны тағы бір миллионға артады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Қала жаңаша өркендеп-өседі. Ал қазірге дейін бас шаһар қалай дамыды? Ел астанасының тұрғындары бір күнде қанша өнім тұтынады?

Елордаға биыл 21 жыл. Бір қарағанда, қас-қағым сәт болар. Бірақ осынау санаулы жылдың ішінде ел астанасы адам танымастай өзгерді. Ең бірінші, халықтың саны өсті. Мәселен, 1998 жылы бұл өлкеде 300 мыңдай адам тұрса, бүгінде елорда тұрғындарының саны 1 миллион 200 мыңға таяды. Дүниеге келетін сәбилердің қатары бірнеше есеге көбейді.

Қаршыға Құлмұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау палатасының атқарушы директоры:

– Бір қызығы, ол кезде елорда емес, облыс орталығында жергілікті ақпаратта «біз бүгін осы қалада 6 баланы дүниеге әкелдік» десе, қазір күніне 60 баладан артық дүниеге келеді. Сондықтан қалада бала туу саны 8 еседен асып кетті. 8 жарым есеге жетіп қалды. 1998 жылы қалада 4200-ден астам бала туса, 2019 жылдың 5 айында 12 мың 600 бала туып отыр. Айырмашылық өте үлкен. Дүниеге келгендердің қатары 8 есеге артса, өлім-жітім көрсеткіші кеміді. Бала өлімі 4 есеге, ана өлімі 2 жарым есеге азайды. Елордадағы халықтың саны бір жылда орташа есеппен 50 мыңнан 100 мыңға дейін көбейіп отырады. Тиісінше 21 жылда қаланың аумағы 3 есеге өскен. Енді білім саласы. 21 жылдың ішінде бас қалада 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесі 70 мектеп пен 2 колледж және озық үлгідегі оқушылар сарайы салынды. Балабақшадағы бүлдіршіндердің саны 20 жылда 50 мыңға өсті. Мемлекеттік бөбекжайлардың қатары алғашқы жылдары 13 болса, бүгінде 94-ке жетті.

Дулат Жекебаев, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Мемлекеттік балабақшалармен қатар жекеменшік балабақшалардың саны өсті. 21 жылдың ішінде 229 жекеменшік балабақша ашылды. Яғни осы жекеменшік және мемлекеттік балабақшалардың санының көбеюі арқасында біз балаларды балабақшамен қамтуды 90 пайызға жеткіздік. Енді тұрғын үй өсімін айтайық. Елордада 1998 жылы халыққа жалпы ауданы 139 мың шаршы метр болатын 1308 пәтер берілді. Содан күні бүгінге дейін қала тұрғындарына 205 мың 410 пәтердің кілті табысталыпты.

Дәурен Керімбеков, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты жиындық-талдау бөлімінің бас инспекторы:

– Тек 2018 жылы жалпы ауданы 2 миллион 378 мың шаршы метр 23 мың 360 пәтерлі 126 үй пайдалануға берілді. 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 миллион 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Елордалықтар жылына шамамен 900 мың тоннадан артық өнім тұтынады. Яғни бас қаланың тұрғындары бір күнде 2 жарым мың тонна азық-түлік сатып алады. Елорда өзін-өзі тамақ өнімдерімен 22 процентке қамтып отыр. Ал азық-түлік белдеуіне кіретін Ақмола мен Қарағанды облыстары ел астанасын түрлі тағаммен 31 процентке қамтамасыз етіп келеді.

Азамат Рәшитов, Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлік басқармасының бас маманы:

– Осы жылдың бес айының көрсеткіші бойынша 57 мың тоннадан астам өнім әкелінген болатын осы азық-түлік белдеуінен. Сонымен қатар қалған 47 пайызын еліміздің басқа облыстары мен импорт тауарлар болып келеді. Осы кезге дейін елордада 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылды. Өнім өндіру көлемі 21 жылда 30 есеге өсті. Барлық саласы ілгері дамып жатқан елорда халқының саны 2030 жылға қарай 2 миллионға жетіп, 2050 жылдары 3 миллионнан асады деген болжам бар. Авторлары: Қорған Төреқожа, Ерлан Наурызбаев Осы категория бойынша: « Арыс қаласы мен маңайынан 3700-ге жуық оқдәрі табылды Мамандар «Әлем қаласы» атанған елорда сәулетінің ерекшеліктерін атады »

p>24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста