Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астана маңында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

15 наурыз 2023, 19:04

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Арайлы ауылының маңында екі көлік бетпе-бет соғылып, салдарынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Алматы-Екатеринбург" автожолының 1223 шақырымында Қостанайдың 37 жастағы тұрғыны басқарған "Тоyоtа Alphard" пен Астананың 42 жастағы тұрғыны басқарған "Тоyоtа Cаmry" көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Тoyota Alphard көлігі аударылған. "Оқиға болған жерде "Тоyоtа Alphard" көлігінің төрт жолаушысы қаза тапты. Олардың үшеуі Қостанай облысының тұрғындары. Осы көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы Астанадағы ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді ведомство.

Жол апатына қатысты "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.