Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды

29 маусым 2023, 17:07

Астанада жаңа ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Бұл қалаға тәулігіне 35 мың текше метр су беруге мүмкіндік береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Станцияның құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, гидро сынақтар жүргізілді. Іске қосу-баптау жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр. Тамызда ССС-3 екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, бұл бірінші кезеңімен бірге есептегенде тәулігіне 100 мың текше метрден астам су береді", - делінген хабарламада.
Осыған дейін қалада су құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылған, бұл судың қысымын арттыруға және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

"Бұдан бөлек Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекеніндегі сорғы-сүзгі қуатын кеңейту аяқталып жатыр. Бұл жобалар келешекте Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қосымша қуат береді. Сондай-ақ, қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының ("Тұран", "Оңтүстік-Шығыс") құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, ЖЭО-3-те жұмыс жүргізілуде, оның құрылысы кешіктірілді. Бұл нысандарды жаңа жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.