Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астанада қайырымдылық қоры балаларға арналған пансионат атын жамылып жат ағымды насихаттаған

30 желтоқсан 2022, 22:05

Астана қаласының Полиция департаменті елордада жұмыс істейтін қоғамдық қайырымдылық қорлар аз қамтылған отбасы балаларына арналған пансионаттар атын жамылып, діни ағымды насихаттады деген күдікпен қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Осы қорлардың бірінің қызметкері қалың көпшілікке ашық уағыз жүргізіп, онда басқа конфессияларды ұстанатындардың діни сезімдері мен ұлттық дәстүрлері қорланды.

Аталған қор пансионаттарында заңды бұза отырып, кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер арасында шетелдік уағызшылардың діни догмалары таратылған.

Пансионаттарда жүргізілген тінтулер діни сипаттағы шетелдік оқу материалдарының барын, сондай-ақ, балалардың діни жоралғыларға жүйелі түрде тартылғанын растады.

Бұл рәсімдер балаларды қазақстандық қоғамның ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарынан алшақтатуға бағытталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.