Астанада күмәнді сөмке үшін ХҚКО ғимараты қоршауға алынды

08 қараша 2018, 17:50

Астана полицейлері Республика даңғылының бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығын қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғимаратқа кіре алмағандар сыртында жиналып қалды. "Қауіпсіздік қызметі иесіз сөмкені тапқан. Күзетші дереу (13:55-те) полицияға хабарласқан. Қауіпсіздік шаралары үшін ғимарат аумағы қоршауға алынып, ХҚКО қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды. Тексеру барысында қауіпті ештеңе табылмады", - деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
Оның айтуынша, полицейлер қоршауды алып тастаған. Әзірше сөмке иесі табылмаған.
Нақтыланған мәлімет бойынша, ХҚКО штат тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

Kaz.tengrinews.kz