Ел жаңалықтары

Астанада шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды

  • Астанада шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды

    Астанада шетелден ұшып келген 108 адам карантинге жатқызылды

Қазанның 25-інен 26-сына қараған түні халықаралық рейстер бойынша елорданың әуежайына 6 ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines,Belavia және Flydubai әуе компаниялары орындаған. Келген 722 жолаушының ішінде 108-інде ПТР-тест анықтамасы болмаған. Олардың бәрі де стационарлық карантинге жатқызылды. ПТР-тесттен өткеннен кейін аталмыш жолаушыларда вирус анықталмаса үйіне, анықталса инфекциялық стационарға барады. 2020 жылдың 27 қазанынан бастап ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес мемлекеттік шекаралардағы өткізу пунктерінде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында шаралар күшейтілмек. Жаңа қаулы бойынша Қазақстанға келген азамат кем дегенде үш күн бұрын ПТР-тесттен өткені туралы анықтаманы тапсыруы керек. 5 жасқа дейінгі балалардан бұл талап етілмейді. Алайда кішкентай баланы алып жүрген өкілінде осындай анықтама болуы тиіс. Халықаралық транзиттік жолаушылар транзиттік аумақтан кетпеуі керек. Әуе компанияларының басшылары қонған әуе кемесінің бортына ПТР-анықтамасы жоқ шетел азаматтарын кіргізбеуі тиіс.




Көрілген: 228    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31