Астаналық жастар Tik Tok-қа видео түсіру үшін бастарын қатерге тіккен

27 шілде 2021, 14:42

Таңертең ерте уақытта полиция бөліміне хабар түседі. Онда жасөспірімдердің көпірдің биік бағанына шығып бара жатқанын айтады. Полиция оқиға орнына келіп, әлеуметтік желінің желігімен бастарын қатерге тіккен бозбалаларды көпірден түсіріп алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға өткен дүйсенбі күні, 26 шілдеде, Қабанбай батыр даңғылындағы Самал ықшамауданының жанында орналасқан көпірде болған.

Ешкімнің көзіне түсіп қалмас үшін, заң бұзушылар өз трюктерін таңертең таңғы сағат бесте орындауға шешім қабылдаған. Алайда олардың бұл ойы іске аса қойған жоқ.

Заң қызметкерлері оқиға орнына жылдам келіп, әлеуметтік желінің "жанып келе жатқан жұлдыздарын" қолға түсірген. Үшеуінің – бейнежазбаға түскен және түсірген балалардың жасы – 19 бен 21 жаста.

Заң бұзушылар өздерінің бұл әрекетке Tik Tok әлеуметтік желісіне Нұр-Сұлтан қаласының панорамалық бейнесін түсіру үшін барғанын алға тартады.

Тәртіп бұзушылар профилактикалық әңгіме жүргізумен ғана құтылып кетті.

https://www.instagram.com/sputniknewskz/?utm_source=ig_embed&ig_rid=4c003c71-ff3f-413b-be91-893bffef64ad