Астаналықтар 13 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілді

25 қараша 2022, 09:29

1 қарашадағы жағдай бойынша Астана қаласы бойынша 13 млрд 36 млн теңге сомасына 971 875 тегін рецепт бойынша 187 530 пациент тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
Оның ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2 107 бала және  төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 6 136  бала; теміржетіспеушілігі анемиясымен - 972 бала; пневмониямен 1583 бала; синуситпен/бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 444 бала, - деп атап өтті ӘМСҚ елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.
Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.