Ел жаңалықтары

Астаналықтар ХҚКО-дағы көліктердің кесірінен жүргізуші куәлігін ала алмай жүргендеріне шағымданды

  • Астаналықтар ХҚКО-дағы көліктердің кесірінен жүргізуші куәлігін ала алмай жүргендеріне шағымданды

    Астаналықтар ХҚКО-дағы көліктердің кесірінен жүргізуші куәлігін ала алмай жүргендеріне шағымданды

Астаналықтар әлеуметтік желіде елордалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автодромында жүргізуші куәлігін алуға арналған сынақтан өтетін көліктердің бұзылғанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әйелім көптен бері көліктің болмауына байланысты практикалық емтиханға өте алмай жүр. Министрдің жасырын сапарынан кейін бір рет қана көліктерді қолдану мүмкін болған. Қазір әйелім күнде ХҚКО-ға хабарласып, көлік бар-жоғын біліп отырады. Күнде хабарласқанымен, өзгеріс жоқ, көліктер жарамсыз", – дейді елорда тұрғыны Қанат Құлшыманов.

 
Ол жақында ғана цифрлық даму министрі Бағдат Мусин арнайы орталыққа барып, жүргізуші куәлігін сатып жатқан жұмысшыларын ұстағанын еске салды.

"Шамасы, министр ХҚКО-ға қайта барып, құпия сатып алушының атын жамылып практикалық емтихан тапсыруы керек. Мүмкін сіздің келуіңізбен емтиханға арналған көліктер қайта жөнделетін шығар”, – деді ол.

"Азаматтарға арналған үкімет" қазір бұл мәселенің реттеліп жатқанын мәлімдеді.

“Елордалық халыққа қызмет көрсету орталығының автодромының жаңа жабдыққа көшірілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының автодромында тәжірибелік емтиханды қабылдау тоқтатылды. Тәжірибелік емтихан тапсыру кезінде қозғалыс траекториясын немесе құқық бұзушылықтарды белгілейтін датчиктердің бұзылуына байланысты көлік құралдарының мерзімді бұзылуы орын алды. Кейбір үміткерлер көлік жүргізу кезінде жол ережесін сақтамай, жол жиегіне соғылады, бұл көліктің бұзылуына алып келеді”, – деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі.

Схеманың тоқтап қалуына байланысты практикалық емтиханды кешіктірген тұтынушыларға барлық жаңартулардан кейін емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Көлік жүргізу емтихандарын қайта бастау туралы қосымша хабарланады деді баспасөз қызметі.




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 01:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31